Қарашаның 1-і күні өз мектебімдегі қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі мұғалімдеріне «Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме – ойлау қабілетін дамыту құралы» атты коучинг өткізу тәжірибеммен бөлістім. Мақсатым «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курс бағдарламасы бойынша алып жатқан білімім мен іс тәжірибеммен бөлісу болатын. Коучинг барысында мұғалімдер диалогтік оқыту, әңгіме түрлерін терең зерттеп меңгерді. Зерттеу барысында зерттеушілік әңгіменің тиімді екендігіне көз жеткізді. Коучинг үстінде коучилер көптеген оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін іс жүзінде қолдануға жаттықты. Атап айтсам, «Ара», «Өзіме, көршіме», «Желдеткіш», «Инсерт», «БББ»кестесі, СТО «Галерея», «Мадақтау сэндвичі» т. б. Әріптестерімнің кері байланыстарынан коучингтің көңілдерінен шыққанын көрдім. Осындай тәжірибе бөлісудің маңыздылығын айтып, ризашылығын білдірді.
Коуч Мукушова Бактылы Кимановна