Әз наурыз құтты болсын!
Балабақшамызда «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік ертеңгілік өткізді. Балалар ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, көктемнің шуақты мерекесін ерекше көңіл-күймен қарсы алды.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осы ұлы мереке әр шаңыраққа қуаныш, береке молшылық әкелсін! Әрбір отбасының төрінде шаттық орнап, денсаулықтарыңыз мықты, дастархандарыңыз мол болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

