Шырша тойын тойлайық
Жаңа жылда жаңаша
Болсын қызық тамаша
Билеп, ән салып айтамыз
Қуантайық балаша!
Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізу ге баулу мақсатында 2016 жылдың 28-29 желтоқсан күндерінде балабақшада кішкентай бүлдіршіндерге "Шырша тойын тойлайық" атты жаңа жыл мерекесі ұйымдастырып өткізілді. Балалар ән, тақпақ айтып, еліктеп билерді билеп, белсенді қатыса алды.