Наурыз мерекесі.
Барлық жас топтарында "Наурыз" мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Наурыз-барлық тірі жанның жаңару мерекесі. Бұл-табиғаттың жаңару, көктем мерекесі, махаббаттың, достықтың, құнарлылықтың бейнесі. Балаларға дәстүрді ерте жастан үйрету керек, сондықтан балабақшада Наурызды көңілді атап өту өте маңызды. Балалар ойындарға белсенді қатысты, көктем, Наурыз мерекесі туралы әндер айтты, би биледі, өлеңдер айтты.






