«Менің әкем бар, бүкіл отбасы қорғауда!»
Әкелер күні қарсаңында бақшамызда әкелердің қатысуымен «Менің әкем бар, бүкіл отбасы қорғауда!» атты спорттық іс-шара өтті. Спорттық шараға барлық жас топтарындағы әкелер қатысты. Шарамызға белсене атсалысқан барлық әкелерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Әр бала әкесінің ең күшті және ең епті екеніне қуанып, мақтан тұтатын!







