День языков
Тіл – халықтың көрнекті жетістігі және оның ажырамас қасиеті. Біздің балабақшада Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған іс-шарасы өтті. Қазақстан халқы тілдері күнінің мақсаты – ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу, сондай-ақ балаларды өз халқының ғана емес, сонымен бірге әрбір халықтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Балалар түрлі ұлт өкілдерімен кездесіп, әр тілде сәлемдесуді үйренді. Ұлттық әндер шырқалып, би билеп, түрлі ұлттық ойындарға қатысты.




