Телефон доверия
8718(2)227407 ГОРЯЧАЯ ЛИНИЯ: 8718(2)227407
Адрес: г.Павлодар улица Вс.Иванова 49
Руководитель:8718(2)227407 Вахта:8718(2)227406
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник-15.00-18.00 четверг-9.00-11.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Ойын-сауық  «Тіл мерекесі».
22-09-2016 01:01
Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республикахалықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген. жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін Ашатын жан сарайын білімдерінің Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан Тіліңе зер салыңдар бұрынғының. Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік. Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім. Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышы елімнің. Ана тілің арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Тақия. Тюбетейка ойыны Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік Ән топ: « Ағайынбыз бәріміз» барлық топ балалары айт ады Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді. Ару Ана:-Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердіңбалабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұлжерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті! Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз!Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті. Жүргізуші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық! « Мен қазақтың қызымын» Тілім барда мақтанам Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған. Ару Ана: Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады? Өнер алды қызыл тіл. Шешеннің тілі артық. Шебердің қолы артық. Тіл тас жарады.- Тас жармаса бас жарады. Жүргізуші: Ана тілім- өзгелерден бөлексің, Бала жүрек саған арнап жыр төксін. Қай асылға теңдесемде жарасар, Ана тілім –баға жетпес өнерсің. Ару Ана:- Талаптарыңа нұр жаусын! -Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме? Ойынның аты: Арқан тарту. Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6-6 баладан таңдап алады/ Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік. Ана тілім –елдігім Ана тілім-ерлігім. Тілді биік құрметтеп Тойлап жатыр ел бүгін Ана тілім-тірегім Ана тілім – жүрегім. Қасиетті елімнің Тек өзің деп білемін. Жүргізуші: Қошеметпенортаға шақырайык! Қазір балалардың орындауында би тамашалайық! « Кішкентай жұлдыздар» Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындайөнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар! Жүргізуші:Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгіліміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағаңдарыңызға көптен-көп рахмет. Сау болыңыз!