"Менің Тұңғыш Президентім"

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күні Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақстан Президенті болып жарияланды.
Осы күн қарсаңында біздің балабақшада "Менің елім, менің Президентім"атты апталық өтті. Барлық топтардың тәрбиешілері іс-шаралар дайындады, онда балалар өз елі туралы, біздің Президентіміз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі туралы білді.
29.11"Көшбасшы жолы" атты ойын-сауық өтті. балалар ән айтып, би билеп, өлеңдер айтып, Нұрсұлтан Әбішұлы балалық шағы туралы бейнеролик көрді.