«Ашық есік күні » Күн таңертеңгілік жаттығулармен басталды. Дене шынықтыру мұғалімі Оразалинов Б.Ж. нұсқаулық беріп, жаттығуларды көрсетті, барлығы ырғақты музыкамен сүйемелденді. Тәрбиеленушілердің ата-аналары балабақша әкімшілігімен бірге тамақтандыру процесін бақылады. Балабақшадағы физиотерапиялық кабинеттердің жұмысы туралы жеке әңгімелер ұйымдастырылды. Түстен кейін тәрбиешілерің баяндамаларымен қатар «Әкем, анам, мен спорттық отбасымын» атты спорттық іс-шара өтті. Ата-аналар көптеген пайдалы ақпараттар мен жағымды эмоциялар алды.