Сенім телефоны
8(7182)662332
Мекенжайы: Павлодар қ., Генерал Смағұлов көшесі, 76 үй
8(7182)662332-басшы 8(7182)662250-бухгалтерия 8(7182)325080-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-18.00 Бейсенбі 09.00-11.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Псхологтың кеңестері

Балабақшаға бейімделу мерзімін этапқа бөлуге болады.Балабақшаға дайындауды баланы әкелгеннен 1-2 ай бұрын бастаған жөн.Алдымен баланы үйде күн тәртібін балабақшадағыдай етіп сақтауды үйреткен жөн. Сонда ғана бала басқа балалармен бірге күн тәртібіне сүйеніп, уақытында тамақ жеп, уақытында ұйқыға жатады.Балабақшаға дайындау кезінде үйде тамақты түрлендіріп, балық, көкөніс,сүзбеден дайындалған тағамдарды жегізіп үйреткен жөн, сонда ғана бала балабақшада таныс тағамдарын жеуден бас тартпайды.Өзі қасық ұстап, өзі киініп, шешініп үйренген бала өз бетімен үлкендердің көмегінсіз-ақ тез үйренісіп кетеді.

Тәрбиешілер жаңадан келген баланың үйіне қатынап, бала туралы ақпарат алғаны жөн.Бала қандай ойыншықтарды жақсы көріп ойнайды, үйде баланы еркелете ме немесе қатты талап қоя ма, қалай атайды, тез ұйықтай ма әлде жай ұйықтай ма, осының бәрін тәрбиешісі біліп отырса, балаға көмектесе алады.Өйткені тәрбиеші баланы жұбатқан кезде сүйікті ойыншығын ұсынса да, балаға өзіне таныс нәрсе жақсы әсер етеді.

Екінші этап баланың анасымен бірге балабақшаға келуінен басталады. Тәрбиеші баланы «кеше мен сіздің үйде қонақта болдым, бүгін сен маған қонаққа келдің» - деп жылы қабақпен қарсы алады.Осылай бала мен тәрбиешінің арасында жылылық пайда болады.Алдымен анасы мен баласы бір шеттен отырып, топтың ішін бақылап, жақсылап танысады.Жайлап жүріп, ойыншықтармен танысып, топтың бұрыштарына азғана саяхат жасауға болады.Күнде осылайша бала анасымен бірге топқа келіп жақынырақ таныса береді.Бұл процесс қанша уақытты алатыны баланың мінез-құлқына, қаншалықты ортаға үйренуіне байланысты.Әр күні 1 сағаттан осылай бала топпен танысып отырады.Әр келген сайын бала топпен, тәрбиешімен жақынырақ танысуға тырысады.Бірақ, бір қызығы бала басқа балаларға көңіл аудармайды.Тек тәрбиеші мен анасының ортасында ғана жүреді.Ол енді өзін тәрбиешіге жақынырақ ұстайды, өйткені ол баланы үйдегідей еркелетіп, құшағына алады.Анасы жайлап, көрінбей шығып кетсе де, тәрбиеші оны қазір келеді деп алдастырады.

Соңғы этап – бала балабақшада 2-3 сағаттан қалып отырады.Тәрбиешілер баланың ұйқысын, тамаққа тәбетін бақылап отырады.Көңіл күйі бұзылып, сыр бере бастаса, баланы 2-3 күн үйде ұстай тұрған жөн.Содан кейін тағы аз уақытқа балабақшаға әкеліп, тағы бақылап көреді.Алдымен баланың көңіл күйі жақсарады, содан кейін тамаққа тәбеті ашылып, содан кейін ғана ұйқысы түзеле бастайды.Баланы таңертеңгі мезгілде әкеліп, 2-3 сағатқа қалдырып, түскі ұйқыға қалдырмай алып отыру керек.Өйткені, басқа балаларға ұйықтауға кедергі келтіруі мүмкін.Егер баланың көңіл-күйі жақсарып жатса, түскі ұйқыға қалдырып көруге болады, тәрбиеші «сен бүгін түскі ұйқыға қалып көр, кешке бізде қызықты ойын болады,сен ұйықтамай-ақ қой, жай ғана көзіңді жұмып жатсаң болады, мен қасыңда отырамын »- дейді.

Ата — аналарға арналған 10 кеңес

1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектес.

2. Балаға жасаған еңбектерің үшін ақы сұраушы болма. Сіз оған өмір сыйладыңыз, ол басқаға өмір сыйлайды, ол тағы біреуге, бұл адамзат сапарының ұлы жолы осылай жалғаса береді.

3. Өзіңнің өкпе — ренішіңе баланы араластыра берме, әйтпесе қартайғанда ол қылығыңның ащы дәмін татуың мүмкін. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз!

4. Баланың мәселесіне бей — жай қарауға болмайды. Әркім өмірде әліне қарай күреседі. Сіз тапқан жолды бала таба алмауы мүмкін, өйткені онда тәжірибе жоқ.

5. Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз!

6. Адам өміріндегі ең қызықты кездесу, баламен кездесу, оған үлкен дайындық керек, себебі сіз өзіңіздің ертеңгі күніңізбен кездесіп тұрғаныңызды ұмытпаңыз!

7. Балаңызға қолыңыздан келмей тұрған нәрсені істей алмадым — ау деп қиналмаңыз. Ал қолыңыздан келіп тұрғанда істемесеңіз, онда сіздің қиналуыңыз әбден орынды. Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесеңіз, онда ештеңе істемеген болып шығасыз.

8. Бала өміріңді билейтін әмірші емес, тіршілік сыйлаған өмірдің қымбат қазынасы, сіз осы қазынаны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз. Бала — әке мен ананың махаббатын сақтайтын алтын қойма.

9. Басқаның да баласын жақсы көріп үйрен. Өз балаңа істемейтін нәрсені басқаның баласына да істеме!

10. Балаң дарынсыз, жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Онымен қарым — қатынас жасағанда қуануға тиістісіз, өйткені оның сізбен болған әр күні мереке.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

Ата — ананың маххабаты мен бала тәрбиесіндегі салғырттықтың (баланы бетімен жіберудің) шекарасы қайсы? Ол үшін мына кеңестер кез — келген ата – анаға

көмек бола алады.

1.Балаға ата — анасы көшбасшы.

Ата — ана мен баланың арасында екі түрлі көзқарас болмауы тиіс. Бұл әлі өмірге деген өз көзқарасы қалыптаспаған, жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Ата — анасы көш бастайтын көсем болуы қажет бала үшін. Демек, ата — ана әрбір іс — әрекетіне мән беруі қажет. Білікті, білімді, қайсыбір жағдай болмасын, сабырмен қабылдап, нені болмасын, сабырмен қабылдай алатын көшбасшының (ата — ананың) соңынан ереді бала да. Өйтпеген жағдайда бала тарапынан қарама — қайшылықты анық көретін боласыз. 4 — 5 жасында — ақ өз қалауын ата — анасына сөзсіз орындататын бала ерке. 2 жасқа келгенде баланың қалауы (орынды болса ғана) ата — ана үшін заңды. Одан кейінгісі — еркелік. Демек, уақыт өткізбей ертерек қателіктердің орнын толтырып, бала бойындағы еркелікті түзеуге ұмтылған дұрыс. 4 — 5жасқа келгенде бала ата — анасының неге рұқсат етіп, қай қалауының теріс екендігін түсіне білуі тиіс. Егер осы жасқа дейін ата — ана мен баланың арасындағы қарым — қатынас өз деңгейінде қалыптасса, демек, әрі қарай да олардың арасында қандай да бір үлкен түсініспеушіліктер болмайды.

2. «Болатын» және «болмайтынның» шекарасы.

Балаға берілетін дұрыс тәрбие «болатын» және «болмайтын» іс — әрекеттерді айқындайтын нақты шекарадан тұрады. Бұдан бала, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екендігін, қандай іс — әрекеттердің оң, қай қылығының теріс екендігін анық ұғып өседі. Егер кеше балаға тырнақты тістемеуді немесе қолын аузына салмауды ескерттіңіз бе, ол әрекетін бүгін де байқасаңыз, тағы да ескертуге ерінбеңіз. «Ой, қанша айттым, тыңдамайды бәрібір» деп бір — екі күннен соң қол сілтей салсаңыз, бітті. Сіздің бала бойындағы көптеген қателіктерге түйсікті түрде баруға болатындығына жол бергеніңіз. Сонымен қатар, баланың алдында емес, соңынан жүруді ерте бастан — ақ қалыптастырғаныңыз. Ата — ананың бала үшін қойған шекарасынан ол әдеттегі айтыла беретіндей « жалтақ» болып кетпейді. Шекара — бала өмірін жеңілдетеді, болашақта қандай — да бір үлкен қателіктерге жол бермеуге үйренеді. Керісінше жағдайда, яғни шекара болмаған отбасында бала адасады, оның өмірі қиындайды.

3. «Болмайды!» деп айғайлауға болмайды.

Бала да ата — анасы сияқты отбасының бір мүшесі. Оның өз орны және құқығы бар. Дегенмен, отбасы мүшелерімен қарым — қатынасында да шекара болуға тиіс. Егер баланың қандай да бір іс — қимылы сізге жағымсыз болса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Бірақ, әрине бірден түріңізді өзгертіп «болмайды!» деп айғай салу дұрыс емес. Одан да баланың назарын басқа бір қызықты іске айналдырып жіберуге болады. Мұнда сізге сабыр қажет. Сонымен қатар, бала тілімен, оған түсінікті түрде бұлай жасау өзіңізге ыңғайсыздық тудыратынын түсіндіріп айтсаңыз, жетіп жатыр.

4. Іс — әрекетіне лайықты мақтау сөздер айтыңыз.

 

Мұны өзіңізге ереже ретінде ұстансаңыз да болады. Жоғарыда айтқанымыздай, «болатын» және «болмайтын» іс — әрекеттер үшін өз ойыңызды айтып отырсаңыз, бала бірден болмаса да, біртіндеп оны түсіне бастайды. Мысалы, үйге келген қонақпен сәлемдесіп, ол қайтар кезде қоштасуды ешкім үйретпей — ақ өз бетінше орындаған баланың ісі — мақтауға тұрарлық. Алғашқы байқаған сәтіңізде — ақ оның дұрыс жасағандығын, жақсы баланың үнемі осылай жасайтындығын т. б. мейірімді жүзбен күлімсірей айта отырып мақтасаңыз, оның бойында жақсы әдетке деген қызығушылығын оятасыз.