2023 жылғы 20-28 ақпан аралығында біздің балабақшада Павлодар қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының жоспарлы көшпелі қалалық отырысы өтеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мақсаты:
баланың даму ерекшеліктерін және оның резервтік мүмкіндіктерін анықтау;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алу және тәрбиелеу шарттарын анықтау;
Ата-аналар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиямен тексеруге, тексеру нәтижелері бойынша алынған ұсыныстарды талқылауға, мектепке дейінгі дайындықтағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін ұсынылған шарттарға қатысты өз пікірлерін айтуға қатысады.