"Жайнай берсін, Павлодар"

13 маусымда балабақшамызда қала күніне арналған "Жайнай берсін, Павлодар" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында әңгімелесулер жүргізілді, иллюстрациялар қаралды, суреттер салынды. Балалармен қызықты ойындар өткізілді. Балалар өздері тұратын қала туралы көптеген пайдалы және қажетті ақпаратты білді. Мереке бай, жарқын және көңілді өтті. Балалар бұл күнді есте қалатындай етіп, тамаша өткізді.