«Қазақстан-достық мекені»
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай «Қазақстан-достық мекені» атты мерекелік шара болып өтті. Қазақ, орыс ,өзбек ұлтының ұлттық киімдерін киіп, әр топ сол ұлттың мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері, асханасы туралы бейнекөрініс дайындап көрсетті. Ұлттық әндерін шырқап, биін биледі. Орыс халқының «Пасха» мерекесі мен қазақ халқының «Бесікке салу» дәстүрі сахнада көрсетілді. Шара соңында оқушылар «Мен-қазақ!» әнін хормен орындап, ұлттардың татулығын таныта білді. Мерекелік шара ұлттар достығының айқын көрінісі болып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
