.28 наурызда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Садвокасова Нурслу Муратқызы «Эрудит» ойынын өткізді.
Ойын екі кезеңнен тұрды, әр кезең төрт тапсырмадан құралды. Оқушылар мектептің орыс тілі мен әдебиеті орта курсы бойынша негізгі теориялық мәліметтерді қайталады, ойын оқушылардың танымдық қызығушылығын және ой-өрісін дамытты.
Ойынға белсенді қатысқан оқушылар: 5 сынып оқушысы Ризабек Абылайхан, 9 сынып оқушысы Ермаков Дима және 8 сынып оқушысы Хозаева Аружан. Ойында жеңіске жеткен оқушыларға жеңімпаз эмблемасы берілді.
Математика пәні мұгалімі Утилов Базыл Таганбайұлы «Зияткер» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойын барысында бес пәндер бойынша сұрақтар қамтылды. Олар орыс тілі мен әдебиет, математика, физика, география және Қазақстан тарихы. Белсенді тақтада балаларға сұрақтар ұсынылды, дайындалуға екі минут берілді. Ойында бірінші топ 240 ұпай, 2-3 топ 210 ұпайдан алды.
Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абенова Райхан Закарьянова «Кітапты тап» іс-шарасы өтті. Өткізген тынымдық ойынның мақсаты: білімқұмарлықты және кітап оқуға қызығушылықты дамыту, оқушылардың сөздік қорын байыту, тәрбиелеу, кітаптарға деген сүйіспеншілігін арттыру, сонымен қатар командада жұмыс істей білу, командалар маршруттық парақтарға сәйкес әр түрлі станцияларға аттанып, қойылған міндеттерді шешті.
Барлық іс-шаралардан соң оқушылар сауалнамаларды толтырып, өз ұсыныстарын жазды.
