.2019 жылы 9 сәуірде «Балдәурен»оқу-сауықтыру орталығында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 67 оқушысынаV ауысымбасталды. 10 күн бойы «Шеберлер қаласында» оқушылар уақытша балалар ұжымдарында өмір сүруді, құрдастарымен және аға жолдастарымен қарым-қатынасты үйренеді. Оларға тәрбиешілер мен тәлімгерлер көмектеседі.
Әр бір күн: денсаулық және спорт «SportfestBaldauren», «Балдәуреннің тарихына өз атыңды қос» рекордтары, «Ән мен әнші», «Балдәурен - Production», патриоттары тақырыптарына арналады. «Мен, сен, ол, ол...» отрядттық презентациясында оқушылар өз ұрандарын көрсетті, «Снежный ком», «Магия», «Молекулалар», «Арқанмен жүру» отрядтарында ойындар өткізді.
Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Біз СӨС үшін!»үгіт бригадаларының байқауы өтті, спорт нұсқаушысы Бекмағамбет Болат Бауыржанұлы басшылығымен жарыстар, спорттық іс-шаралар, ашық ауада қозғалмалы ойындар өткізіледі. «Таланттар шоуы» қызықты өтті. Қатысушылар көрермендерді бимен, әнмен, өлеңмен, қойылыммен, допты музыкамен ойнаумен, гимнастикалық этюдтармен қуантты. Патриот күні аясында «Сапқа тұрып, ұрыста күштірек» атты саптық ән байқауы өтті. Күн бойы балалар ән айтып, саптық тапсырмалар бойынша командаларды орындады. Орталықтың медициналық қызметкерлері сауықтыру шараларын жүргізеді - тұзды шахтаға, оттегі коктейліне, фиточайға бару. Лагерь күні «Шам» релаксациясымен аяқталады. Шамның жанында күн қорытындысы шығарылады, ұсыныстар айтылады және бір-біріне кеңестер беріледі.
«Бір ауысымда оқушылар «кішкентай өмір» сүреді және үйлеріне қайтар кезінде, көбі қайтадан келгісі келеді», - дейді орталық басшысы орынбасарының м. а. Хусаинова Гүлнар Сәбитқызы.
