Телефон доверия
8-7182-63-96-74
Адрес: Мичурино ауылы Типкаши строения 1А көшесі
Раб тел:8-7182-63-96-74 Сот: 87019927243
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
«Нұр – Сұлтан мәңгілік ел»
05-07-2019 16:42
«Нұр – Сұлтан  мәңгілік ел»

 

 

 «Балдаурен» оқу – сауықтыру орталығы Павлодар ауданы Мичурин ауылының кітапханасымен бірігіп алда келе жатқан Астанамыз Нұр – Сұлтан қаласының мерекесіне орай «Нұр – Сұлтан  мәңгілік ел» атты ақпараттық сағат өткізді.

        Балаларға шараны сезіндіру мақсатында кешімізді әнші Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі – Астана» әнімен бастадық.
Ия, бұлНұр – Сұлтан  қаласына деген балалардың  құрметі ерекше болды.
- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі? деген сұрақ қойылды.
- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті деп балалар жарыса айқайлап тұрып айтты.Арықарай топқа бөлініп топтарымызды қаламыздың айшықты жерлерімен атап, кешімізді жалғастырдық. Шара барысында Нұр – Сұлтан қаласының тарихына да қысқаша шолу жасалды.

        Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.
Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.
Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.

        Есіл өзенінің сол жағында, Қазақстанның жаңа астанасына жарқырай енген, жаңа астананың символы алып «Бәйтерек» монументі (биіктігі 97 метр) рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге, яғни қазақ халқына барынша жақын. Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді. Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан. Ал «Думан» ойын - сауық орталығында әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.

        Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып барады.
Ерке Есіл жағасында бой көтерген ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп дінді халқы бар әсем де, мейірлі астанамыз, міне, осындай қала. Шара барысында қатысушыларымыз. «Ойлы болсаң – озып көр» айдарында викториналық сұрақтарға жауап берді. Арықарай сыр – сұхбат Ғалия Қайырбергенқызының Астанамыз  Нұр – Сұлтанқаласына барғандағы әсері жайлы болды. Ғалия апамыз Балдаурен балалар лагерінің кітапханашысы. Бұл шараның лагерде өтуіне атсалысқан.
Және бүгінгі ақпараттық сағаттан алған әсерлерін балалар қолындағы фигураларға жазып   Астана туралы айтып кешті қорытындылады. Әрине, Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз?
Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.
Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.
Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.