"Оқуға құштар мектеп"
Бүгін республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әр сабақта бес минут кітап оқуды бастап кеттік. Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы, білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», - десе, Абай атамыз: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге»,- деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Олай болса, барлығымыз кітап оқиық, жобаға белсене қатысайық..