Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қайырымдылық жәрмеңке
13-09-2024 13:45
Қайырымдылық жәрмеңке

«Қамқор» жобасы аясында 13 қыркүйек күні мектебімізде қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға шақыру және адамшылдық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіру.
Жәрмеңкеге 5-11 сынып оқушылары атсалысып, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Жәрмеңкеде түрлі тәттілер, ұлттық тағамдар, қолдан жасалынған әшекей бұйымдар т.б. сатылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат Павлодар облысының «Қазақ зағип және нашар көретін қоғамы» қоғамдық бірлестігінің азаматтарына көмек көрсетуге жұмсалатын болады. Қайырымдылық жәрмеңкесіне ата – аналар тағамдар дайындап, қайырымдылық шарасына үлес қосты. Мектебіміздің атынан ата аналарға алғыс білдіреміз!