Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
АПҚО жұмысы
02-12-2025 12:12
АПҚО жұмысы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында
«Отбасындағы зорлық-зомбылықты ерте алдын алу», «Мектеп жасына дейінгі балалармен қақтығыстар», «Қарым-қатынастың тиімді әдістері» тақырыптарында кешенді тренинг ұйымдастырылды.

Тренинг барысында мамандар ата-аналарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілерін тану, оны болдырмау жолдары, бала мінез-құлқындағы өзгерістерді ерте бақылау тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы конфликтілердің себептері талданып, оларды дұрыс басқарудың заманауи әдістері ұсынылды.
Сонымен қатар, отбасы мүшелері арасындағы сенімді, жылы қарым-қатынас орнатудың тиімді коммуникациялық модельдері тәжірибелік тапсырмалар арқылы көрсетілді.

Шара ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, отбасы ішіндегі қолайлы орта қалыптастыруға және балалардың қауіпсіз дамуына бағытталды.

Барлық қатысушылар белсенділік танытып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.