Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
20-04-2009 18:00

Ұйымның 2008-2009 оқу жылын ұйымдастыруын аяқтау және аралық және қаладағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларды қорытынды аттестаттау мақсатында және Павлодар қаласының білім беру бөлімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы «2008-2009 оқу жылын аяқтау және Павлодар қаласы жалпы білім беру оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу туралы» № 1-17/212 бұйрығы негізінде

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н :

І. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы «2008-2009 оқу жылын аяқтау және Павлодар қаласы жалпы білім беру оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу туралы» № 1-17/212 бұйрығы мектеп ұжымына, ата-аналарға және оқушыларға таныстырылсын.

Жауаптылар: директор Н.Б.Асылбекова

ДОТЖжО Ғ.Қ.Беғайдарова

ІІ. Оқу жылының аяқталуына және мектеп бітіруші сыныптар мен келесі сыныпқа көшіру емтихандары мен оқушылардың қорытынды аттестацияларының өткізілу мерзімі төмендегідей тәртіпте

белгіленсін:

1.) 1-11 сыныптарында оқу сабақтары 2009 жылғы 25 мамырда аяқталсын;

2.) негізгі мектеп курсы үшін 9 сыныпты бітірушілер 2009 жылғы 29 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырсын:

Міндетті емтихандар:

- ана тілі және әдебиетінен (мектептегі оқыту тілі ) жазба емтихан – 29 мамырда;

Гуманитарлық пәнді тереңдете оқитын оқушылар шығарма, қалғандары – жатжазу жазсын;

- алгебрадан жазбаша емтихан - 1 маусымда;

- орыс тілінде оқытылатын сыныптарда мемлекеттік тілден ауызша емтихан –

5 маусымда;

- қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда орыс тілінен ауызша емтихан – 5 маусымда .

Таңдау бойынша емтихандар:

- кез келген 2-ден артық емес пәннен (еңбектік оқу мен кәсіби, дене шынықтыру және сызудан, егер осы пәндер бейіндік болмаса).

Пәндерді таңдаудың соңғы мерзімі - 29 сәуір.

3.) Ағымдағы оқу жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына, колледждеріне оқуға түскісі келетін 11-ші сыныпты бітірушілер мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) түрінде және оны тест тапсыру пунктінде бір күнде (осы жылғы 01-10 маусымда) тапсырсын. ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру мерзімі – 10 наурыздан 25 сәуірге дейін.

ҰБТ түрінде емтихан тапсыруға қатыспайтын 11 сыныпты бітірушілер орта мектеп курсы бойынша қорытынды аттестаттауын 2009 жылғы 30 мамырдан 18 маусымға дейін тапсырсын:

Міндетті емтихандар:

- орыс тілінде оқытатын мектептер мемлекеттік тілден ауызша емтихан – 30 мамырда;

- қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан – 30 мамырда;

- ана тілі мен әдебиетінен (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде жазбаша емтихан - 5 маусымда;

- алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан - 8 маусымда

- Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 12 маусымда.

Таңдаулары бойынша емтихандар:

- 10, 11 сыныптарда оқыған кез келген 2-ден артық емес пәннен (еңбек және кәсіби оқыту, дене шынықтыру және сызу пәндерінен басқа, егер ол пәндер бейіндік болып табылмаса)

Пәндерді таңдаудың соңғы мерзімі – 29 сәуір.

ІІІ. 2009 жылғы 17 сәуірге дейін 9, 11 сынып оқушыларының, таңдаған пәндері көрсетіліп, тізімі құрылсын. Жауаптылар: Сынып жетекшілері.

ІV. 11-сынып оқушылары үшін жоғары оқу орындары мен мектепте байқау тестілері ұйымдастырылсын.

V. 2009 жылғы 20 мамырда мемлекеттік емтихандар мен кеңес беру сабақтарының кестесі құрылсын

Жауаптылар: ДОТЖжО Қ.С.Табулова

Емтихан комиссиясы келесі құрамда ұйымдастырылсын:

а) 11- сыныптар бойынша:

емтихан комиссиясының төрағасы: Н.Б.Асылбекова

төраға орынбасары: Ғ.Қ.Беғайдарова

комиссия мүшелері: Н.И.Джежора

Қ.А.Юсупова

К.И.Қуандықова

б) 9-сыныптар бойынша:

емтихан комиссиясының төрағасы.: Қ.С.Табулова

төраға орынбасары: А.Ж.Қамалиденова

комиссия мүшелері: Г.Т.Кәрімова

С.К.Жүнісова

С.И.Казакова

Л.Е.Мамұнова

Ү.І.Рахметова

VI. 2009 жылғы 4 мамырға дейін сынып жетекшілері денсаулығы бойынша мемлекеттік емтихандардан босатылатын оқушылардың құжаттарын дайындасын.

VII. Оқушылардың қорытынды және емтихан бағаларымен келіспеулері туралы өтініштерін қарастыру бойынша мектептегі жанжал комиссиясы төмендегідей құрамда құрылсын:

Н.Б.Асылбекова - мектеп директоры

Ғ.Қ.Беғайдарова - ДОТЖжО

Н.И.Джежора - ДОТЖжО

Қ.С.Табулова - ДОТЖжО

А.Ж.Қамалиденова - ДТЖжО

Қ.А.Юсупова - қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Т.Абдраш - ата-аналар комитетінің төрағасы

VIII . Оқушылардың білімдері туралы бланкілерін толтыру үшін 9-сыныптарда С.Қ.Намазбаева, С.К.Жүнісова., 11-сыныптарда Г.К.Сапина жауапты етіп тағайындалсын.

Толтырылу сапалығын бақылау директордың орынбасары Н.И.Джежораға, Қ.С.Табуловаға жүктелсін.

IX. 2009 жылғы 27-30 мамыр аралығында 5-8,10-сыныптарындағы қорытынды аттестаттау емтихан түрінде келесі пәндер бойынша алынсын:

а) орыс тілінде оқытылатын сыныптарда:

5 -сыныптар - Қазақстан тарихы (ауызша)

6-сыныптар - биология (ауызша)

7-сыныптар - математика (жазбаша)

8-сынып - кешенді тестілеу (қазақ тілі, ағылшын тілі, физика)

б) қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда:

5 «А» сыныбы - математика, қазақ тілі (жазбаша)

5 «Г» сыныбы - Қазақстан тарихы (ауызша)

6 «А» сыныбы - қазақ тілі (жазбаша), ағылшын тілі (ауызша)

6 «Г» сыныбы - биология (ауызша)

7 «А» сыныбы - биология (ауызша)

7 «Г» сыныбы - қазақ тілі (жазбаша)

8-сыныптар - кешенді тестілеу (орыс тілі, ағылшын тілі, физика)

Көшірілетін сыныптардағы емтихан комиссиясының төрағасы ДОТЖжО Н.И.Джежора, төрағаның орынбасары Г.Т.Кәрімова тағайындалсын.

Комиссия мүшелері: 5 - сыныптарға - А.А.Омарова

6 - сыныптарға - Г.Қ.Сапина

7 - сыныптарға - А.Тиынтай

8 – сыныптарға - Г.А.Ашитова

Б.М.Шажанқанова

Х. 2009 жылғы 20 сәуірде көшірілетін сыныптар бойынша емтихан материалдары құрылсын.

Жауаптылар: әдістемелік бірлестіктің жетекшілері, пән мұғалімдері

ХІ. Оқу бағдарламасының орындалуы бақылауға алынсын

Жауаптылар: ДОТЖжО - Ғ.Қ.Беғайдарова

Н.И.Джежора

Қ.С.Табулова

ХІІ. 2009 жылғы 18 мамырға дейін барлық пән мұғалімдеріне бағдарлама бойынша тақырыптардан қалулары жойылсын.

Директор: Н.Б.Асылбекова