Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауы
2017 жылғы 6 ақпан күні мектеп ұжымымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Жолдаумен таныстырған тарих мұғалімі Қ.С.Ерғалиев. Жолдау «Қазақстанның 3-ші жаңғыруы» деп аталады. Биылғы жолдауда көлік, жаңа технологияға басымдық беріледі.
Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.
Оның бес негізгі басымдығыбар. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.