Биыл мектебімізде 2016-2017 оқу жылының басталуымен қатарласа, «Жас қаламгерлер» үйірмесі де ашылған болатын. Жалпы, үйірме жұмысы талантты шәкірттердің шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған.
Сонымен қатар, үйірме жанынан ашылған «КӨЗАЙЫМ» ақпараттық және әдеби-шығармашылық, мектепішілік газеті мектеп өміріндегі барлық маңызды ақпарат, жаңалықтарды, ұлттық педагогика тұрғысынан берілетін тәрбиелік-тағылымдық, танымдық дүниелерді жинақтап, жарыққа шығарумен айналысатын болады.
«КӨЗАЙЫМ» сөзі екі түрлі мағынаны білдіреді. Бірі – «ең қадірлі, ең аяулы, ең сүйкімді жан» болса, екіншісі – «хабардар болыңыз» деген ұғымда айтылады. «Ата-әжесінің көзайымы», «көзайым болыңыздар» деген сөздер қайсысымызға болмасын жат емес деп ойлаймын. Жалпы, газетіміздің келбеті мектептің техникалық жағдайына байланысты қарапайым көрінгенімен, өз оқырмандарына ұсынар жағымды жаңалықтары мен көз қуантып, таңдай қақтырар тамашасы аз болмас деген ниеттеміз. Газетіміз айына бір рет шығады.
АЛЫҢЫЗДАР, ТАМАШАЛАҢЫЗДАР, ОҚЫҢЫЗДАР!
Ал «Жас қаламгерлер» алқасын алғашқы шығармашылық жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын!
Үйірме жетекшісі:
ҚР Журналистер Одағының мүшесі Айгүл МОЛДАШ.