Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
20-02-2017 07:58
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» сайысы (5-шісыныптар)
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәніне деген қызығушылығы мен белсенділігін, білімділігін арттырып, жылдам ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, шешендікке, танымдылыққа баулу, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, Қазақстанның физикалық және саяси-әкімшілік карталары, презентация,  интербелсенді тақта.

Сайыстың жоспары:
І. Жұмбақтар.
ІІ. Литосфера. Атмосфера. Гидросфера.
ІІІ. Ең,ең...
ІV. Әлем ғажайыптары.

V. «Бұл кім, не?»

VII. Материктер мен мұхиттар.
VIII.Қазақстан географиясы.
IX. Қорытынды


І. Жұмбақтар
5а  Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.
(Бұлт)

5ә  Күні-түні жүйткиді,
Кең далада бір тарлан.
(Жел)

5б  Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Күн күркіреуі)
5в   Аузы көпіріп құтырды,
Кез келгенді ұшырды.
(Құйын)

 

Көрермендерге:
Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңетең бар , сәскеде жоқ.
(Қырау)
Мөлдір моншақ
Өзі жұмсақ.
(Шық)


ІІ.Литосфера. Атмосфера. Гидросфера
5а.Ауа құрамы

5әЕмдік қасиеті бар сулардың шығу жері қалай аталады?

5бТемір мен никельден тұратын , жердің ең орталық өзегі.(Ядро)

5вАтмосфераның ең төменгі қабаты

 

ІІІ. Ең, ең
1. Мұхиттың ең үлкен жануары, сүтқоректі. (Көк кит)
2.Ең кішкентай құс.(Колибри)
3.Ең кіші мұхит.(Солтүстік Мұзды мұхит)
3.Ең үлкен арал.(Гренландия аралы)
4.Ең тұзды теңіз.(Қызыл теңіз)
5.Ең терең шұңғыма.(Мариан, 11022м)

6. Ең үлкен материк

7. Ең биік таулар

8. Ең терең көл

9. Ең үлкен көл

10. Ең биікте орналасқан көл

11. Ең ұзын өзен

12. Ең суы мол өзен

13. Қазақстанның ең ірі өзені

14. Ең кішкентай материк

15. Ең мұзды материк

16. Ең үлкен мемлекет


ІV.  Әлем ғажайыптары.
Интерактивті тақтада берілген нысандардың аттарын тауып, оларға толық
сипаттама беру.

V.  «Бұл кім, не?» биологиялық қызықты сұрақтар.

1-тапсырма 5«а» сынып.

Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынгерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген. Қызығы, ұлы математик, философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясымен де айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың есімімен бекер аталмаса керек.Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”. Сұрақ: бұл қай өсімдік.

Жауап: Қырыққабат.

2-тапсырма. 5 «ә» сынып.

Бұл өсімдікті жек көрсе де бірақ оған табынды, оның гүлдерімен патша сарайларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласында танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке ескерткіш қойылған. Ескерткіште осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастархандарында да сирек кездесетін тамақ болған. Біздің дастарханымызға бұл тамақ жүздеген жылдар кейін келді. Бұл өсімдіктің аты не?

Жауап: Картоп.

3-тапсырма  5 «б» сынып

1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды.Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар ол сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады. Сұрақ: бұл қандай аң?

Жауап: Панда.

4-тапсырма  5 «в» сынып

Бұл өсімдіктің отаны Қытай. Бірақ қазіргі уақытта оны көптеген елдер өсіреді, әсіресе Үндістан. Қазақстанда осы өсімдіктен сусынды өте жақсы көреді.  Ата-әжелеріміз осы өсімдіктен сусынды ішпесе бастары аурады. Сұрақ: бұл қандай өсімдік?

Жауап: Шай

Сергіту сәті.  Билеу.

VI. Бұл қандай материк?

VII. Бұл қандай пән?

1.    Өсімдіктерді, жануарларды зерттейтін пән.  Биология

2.    Тұздарды, органикалық, бейорганикалық заттарды.  Химия

3.    Жердің айналуын, материктер мен мұхиттарды зерттейді. География

4.    Ғарыштағы денелерді, астероид, комета, метеорларды зерттейді. Астрономия

5.    Әртүрлі күштерді, олардың әсерін, құралдарды. Физика

6.    Табиғатын тазалығын зерттейді. Экология

 

VIII. Мим сайысы.

1.    Тауық

2.    Шаңғы тебу

3.    Коньки сырғанау

4.    Арыстан

5.    Қолтырауын

6.    Компьютер

7.    Баскетбол ойнау

8.    Ит (қасқыр)

9.    Жазу

10.Горилла
ІХ.Қорытынды.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жеңімпазы анықталды.