Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тарихи мұра» жобасының орындалу барысында мектебіміздің мәжіліс залында «Ұлттық аспаптар» атты іс-шара өткізілді.
16-03-2019 08:56
«Тарихи  мұра» жобасының орындалу барысында мектебіміздің мәжіліс залында «Ұлттық аспаптар» атты іс-шара өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі. Бүгінгі күні  ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда әр салада өзіндік орындары бар адамдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. «Тарихи  мұра» жобасының орындалу барысында мектебіміздің мәжіліс залында «Ұлттық аспаптар» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарамыздың қадірлі қонағы - Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музей үйінің меңгерушісі Ерлан Олжаұлы Рахимов. Ұйымдастырылып отырған іс-шараға оқушылар әр аспап туралы жоба қорғап, ұлттық аспапта 9 сынып оқушысы Аубакиров Айдостың орындауында қазақ күйлері орындалды. Ерлан Олжаұлы аспаптар туралы мәлімет беріп, әр аспапта бір шығармадан орындап берді. Оқушылар қазақтың ұлттық аспаптары туралы білімдерін жетілдіріп,  ұлттық өнерге деген қызығушылықтары артты.