Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Алғысымыз шексіз
20-08-2019 12:31
Алғысымыз шексіз
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған «Балаға мейірім сыйла» қайырымдылық кеші №2 ЖОББМ мекемесінде жыл сайын өткізіліп отырады.  Бұл акция «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, көп балалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға, жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсетуге бағытталған. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту еткен Надежда Бәкібайқызы бастаған мектеп әкімшілігіне қолдан келген көмегін ұсынып, жылы пейілдерін көрсеткендері үшін ата-аналар атынан айтар алғысым шексіз. Осы акцияны ұйымдастыру барысында мектептің әлеуметтік педагогі Мұхаметжанова Әлия Сапарғалиқызының еңбегін ерекше атап өтуге тұрарлық.  Балаларға көмек көрсету үшін тынбай еңбектеніп, қалалық мәслихат депутаттары Аманжолов Б.А.; Смагулов Б.Қ.; Қожин Қ.Н.-нан қол ұшын беріп, қолдау көрсетуді сұрап, осы кешті ұйымдастыра білді. Қайырымдылық әр баланың бойына ізгілік дәнін себері сөзсіз.  Акция кезінде 10 балаға мектеп формасы, 10 балаға оқушының мектепке қажетті құрал-жабдықтары салынған рюкзактар берілді. Балалардың қатысуымен алуан түрлі музыкалық байқаулар, ойындар өткізілді. Соңынан барша қонақтар, ата-аналар мен балалар тәтті үстелден дәм таттық. Осындай әдемі кешті ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп ұжымы мен қолдау көрсеткен демеушілеріміздің отбасына бақыт, дендеріне саулық, жұмыстарына жеміс тілейміз.