«Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК-ға саяхат
Павлодар қаласынық №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК-ға саяхатқа барды. 9 "А" мен 9 "Б" сынып оқушылары жас эколог музейіне, жылыжайға шолу жасады және тақырыптық экскурсиялар мен туристік машықтану соқпағынан тәжірибеден өтті. Оқушылар кедергілерден өту кезінде ептілік пен мықтылықтарын көрсетті.