Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
№ 2 ЖОМ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қызға қырық үйден тыйым» дөңгелек үстелі өтті
05-12-2019 13:12
№ 2 ЖОМ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қызға қырық үйден тыйым» дөңгелек үстелі өтті

№ 2 ЖОМ-да 04.12.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қызға қырық үйден тыйым» дөңгелек үстелі өтті. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс  дағдысы, қыз  намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы  қыз  балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке  бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен салауатты өмір салтын насихаттау бөлігін жүзеге асыру мақсатында «Summit Service» ЖШС «СӨС» орталығының тренері Турарова Анар Касымовна, №5 емхананың дәрігер-гинекологі Надирова Зарина Жолдыбаевна, «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығының маманы Тусекешева Гүлбану Бақытжанқызы қатысты. Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.