«Өзін-өзі тану, психология, әлеуметтік педагог» апталығының екінші күні
№2 ЖОББМ-де «Өзін-өзі тану,психология, әлеуметтік педагог» апталығының екінші күні. «Жақсылықтар шыңжыры» деп аталады. Бұл күн «Жарқын көңіл-күй сыйлаймын»акциясымен басталды. Оқушылар бір-біріне мақтаулы қошемет айтып,сыйластықтарын білдірді. Мектеп психологтері: Ахметжанова С.М., Абешева М.Б. 5 «Г» сыныбына «Достық әлемі» атты психологиялық тренинг өткізді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Машимова А.Ш. бастауыш сынып мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану сабағының әдіс-тәсілдері» атты семинар өткізді. 8-11 сыныптар арасында «Жақсылықтар шынжыры» акциясы өтті.