Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА» АРНАЛҒАН қашықтан өткізілетін вокал байқауының ережесі
13-04-2020 12:24
«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА» АРНАЛҒАН қашықтан өткізілетін вокал байқауының ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА» қашықтан өткізілетін вокал байқауының ережелері оның мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

2. Мақсаты: вокалдық орындаушылық арқылы музыкалық дарынды балаларды, дарынды балалар ұжымдарын анықтау, дамыту және қолдау.

Міндеттері:

жас орындаушылардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне деген тұлғалық қызығушылықтарын тәрбиелеу;

балалар вокалдық өнерін дамыту және насихаттау. Эстрадалық және үздік отандық халық әндерінің дәстүрлерін сақтау және дамыту, орындаушылық шеберлікті арттыру;

музыкалық дарынды балалардың шығармашылық белсенділіктерін, кәсіби бағдарларын ынталандыру.

 

2. Байқаудың қатысушыларына қойылатын талаптар

 

Байқауға жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысады.

Байқау екі бағыт бойынша өткізіледі:

1) жеке орындаушылар байқауы;

2) вокалдық ансамбльдер байқауы (дуэт, трио, квартет және басқалары).

Байқау номинациясы:

эстрадалық ән.

Байқауға қатысушылар әрқайсысы 3 минуттан аспайтын екі түрлі сипаттағы туындыны бейнежазбаға жазады.

Орындау бағдарламасы жас ерекшеліктеріне және орындаушылардың дауыстық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы тиіс. Фестиваль туындысы аккомпанементке немесе минустық фонограмманың сүйемелдеуімен орындалады.

Байқау бағдарламасы орындаушылардың жас санаты мен дауыс мүмкіндіктеріне сәйкес болуы қажет. Байқау шығармасы сүйемелдеумен немесе минус фонограммасымен орындалады.

Байқау жұмысын бағалау өлшемдері:

орындаушылық шеберліктің деңгейі;

репертуардың күрделілігі, репертуарды орындаушының жас мүмкіндіктеріне сәйкестігі;

әртістігі, орындаушының мәдениеті, ерекшелігі және кереметтілігі.

Қатысушылар бейнежазбаларын pav2school@bk.ru немесе 87059873952, 87777628635 вацап нөмірлеріне жолдаулары қажет. Әр қатысушының бейнежазбасы мектеп инстаграмында жарияланады.

Байқау нәтижесі 27.04.2020 жылы ең көп лүпіл (лайк) саны арқылы шығарылады. Лүпіл (лайк) жинау бейнежазба инстаграмға жүктелген күннен бастап жүргізіледі. Жеңімпаздарға 1,2,3-орын беріледі.