Оқуға құштар мектеп
Тілдер айлығы қарсаңында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ақынмен жақын» атты Ертіс-Баян өңіріне танымал ақын-жазушыларымен кездесу өтті. Кездесуге келген Айбек Оралхан – Қазақстан жазушылар одағының және журналистер одағының мүшесі, ақын, жергілікті «Найзатас» журналының жауапты хатшысы. Екінші қонағымыз Алпысбай Әдбілұлы – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сатирик ақын, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері облыстық С.Торайғыров атындағы кітапханасының бөлім басшысы. Мектеп оқушылары қонақтармен жақыннан танысып, ой бөлісіп, риясыз әңгіме өрбітті. Шара барысында Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерін оқыған оқушыларға ақындар қолтаңбалары қойылған төл жыр-жинақтарын табыстады.