Сенім телефоны
8 7182 220004
Мекенжайы: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Оқуға құштар мектеп
11-10-2021 11:33
Оқуға құштар мектеп

Тілдер айлығы қарсаңында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ақынмен жақын» атты Ертіс-Баян өңіріне танымал ақын-жазушыларымен кездесу өтті. Кездесуге келген Айбек Оралхан – Қазақстан жазушылар одағының және журналистер одағының мүшесі, ақын, жергілікті «Найзатас» журналының жауапты хатшысы. Екінші қонағымыз Алпысбай Әдбілұлы – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сатирик ақын, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері облыстық  С.Торайғыров атындағы кітапханасының бөлім басшысы. Мектеп оқушылары қонақтармен жақыннан танысып, ой бөлісіп, риясыз әңгіме өрбітті. Шара барысында Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерін оқыған оқушыларға ақындар қолтаңбалары қойылған төл жыр-жинақтарын табыстады.