"Балаға қуаныш сыйла"
30.05 күні балабақшада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.
«Балаға қуаныш сыйла!» ұранымен өткен бұл мерекеде балалар көңілді ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Шара балаларға қуаныш, шаттық пен жақсы көңіл күй сыйлады, сондай-ақ әр баланың махаббатқа, қамқорлық пен қорғауға лайық екенін еске салды.
