«Жұмадағы кездесу»
«Жұмадағы кездесу» жобасының алғашқы қонағы – «Ертіс медиа» холдингі ЖШС «Aiqara.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Асыл Әлімжанұлы Әбішев.
Кездесу барысында қонақ медиа саласындағы еңбек жолы, журналистиканың қыр-сыры, қазіргі ақпараттық кеңістіктің ерекшеліктері және жас мамандарға қойылатын талаптар туралы ой бөліседі.
Іс-шараға 10–11 сынып оқушылары шақырылады. Кездесу оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, сұрақ қойып, тәжірибелі маманнан тікелей кеңес алуға мүмкіндік береді.
