Телефон доверия
Адрес: город Павлодар, ул. Гагарина, 58/4
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00 -17.00
Администрация школы
Бегежанова Тлектес Амантаевна
Бегежанова Тлектес Амантаевна

Білім беру ұйымы (негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Тлектес Амантаевна Бегежанова

Лауазымдық міндеттері:

- оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;

- оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;

- Мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;

- Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

- Педагогикалық кеңестің жоспарын құрастырады, күн тәртібі мен материалдарын дайындайды (хаттамасының толтырылуы);

- Мектептің даму, жалпы мектеп жоспарларын құрастыру жұмысын ұйымдастырады;

- Мектептің жылдық жұмысының қорытынды талдау жұмыстарын бақылап жинақтайды;

 - Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын арттыру үшін жағдай жасайды;

 - Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, курстық дайындықтан өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;

 - Кадрлық НОБД, Е-портфолио, Е-өтініш, өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды;

 - 8-9 сыныптар аралығының оқу-тәрбие үдерісін бақылайды;

 - Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату (бұдан әрі – қағидалары Қағидалар) ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен бекітілген ҚР Оқу-ағарту Министрлігі туралы Ережесінің 15 тармағының 33) тармағына сәйкес (33) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын орындау жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады;

 - Педагогтердің аттестаттау жұмысын басқару, мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

 - Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады, білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады;

 - «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингісі» (МОДО) 4, 9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауды бақылайды;

 - Өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды.

 - білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.

 - Гуманитарлық пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.

 - Гуманитарлық 1-11 сыныптар аралығындағы пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді (орыс тілі, шетел тілі);

 - Бастауыш мектептің оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтау режимін қамтамасыз етеді;

 - Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады (барлық ӘБ жұмыстарын бақылау);

 - Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастырады (озық тәжірибе);

 - Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;

 - Жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;

 - Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

 - белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз  етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;

 - Оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;

 - «Аттестациядан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына жауапты болуды бақылайды;    

 - Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Асылбекова Алуа Маратовна
Асылбекова Алуа Маратовна

Білім беру ұйымы (негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) оқу  жұмысы жөніндегі директордың орынбасары

Алуа Маратовна Асылбекова

Лауазымдық міндеттері:

 - Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;

 - Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;

 - Мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;

 - Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;

 - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

 - Оқу жылының басталуы мен аяқталуы жұмысын ұйымдастырады, құжаттарын әзірлейді, ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

 - Білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.

 - Қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.

 - Пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.

 - Пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;

 - Білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;

 - Өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды;

 - Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестігінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;

 - Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;

 - Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

 - Белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;

- Оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;

 - Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 - «Ертіс дарыны», «Павлодар дарыны» орталықтармен дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырвп басқарады;

 - Бала бақша МАД топтарымен, 4-5 сыныптар сабақтастығын дамыта отыра ұйымдастырады;

 - 5 сыныпқа оқушыларды қабылдау және қабілеті бойынша іріктеу;

 - Апталық жоспардың іс-жүзіне асырылуы және толтырылуын қадағалайды;

 - Тілдер Заңының орындалуын бақылайды:

 - «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуды бақылайды;

 - Пәндер олимпиадасын, ғылыми жобалар сайыстарын басқару, ұйымдастыру,  нәтижелеріне талдау жасап бақылайды;

 - Қазақ тілі, тарих 1-11 сыныптар аралығындағы  пәндерінің ӘБ жұмысын басқарып, кабинеттердің дамуын қадағалайды;

 - Бастауыш мектептің оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтау режимін қамтамасыз етеді;

 - сыныптар аралығының оқу-тәрбие үдерісін бақылайды;

 - PISA зерттеуі - халықаралық оқушы қабілетін бақылауды ұйымдастырады (15 жастағы оқушылардан бақылау алу);

 -  "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтертуралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығы бойынша жұмысты жүзеге асырады;

 - Үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындаудың әдістемелік ұсынымдарын бақылайды;

  - 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға қатысатын оқушылар туралы деректер базасын құру. ҰБТ жұмыстарын басқару, бақылау, ҰБТ-ге қатысушылардың құжаттарын дайындайтын техникалық хатшы міндетін атқарады;

 - ОӨК-мен байланыс, оқушылардың мамандық таңдау жұмыстарын басқару, бақылайды;

 - ДЖО хаттамасының толтырылуын бақылайды;

  - Әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау, "мектеп-ЖОО", "мектеп-колледж-ЖОО", "колледж-ЖОО" үздіксіз білім беру жүйесінде толассыз оқу жоспарлары бойынша оқыту мүмкіндігін, ғылымды зерделеуге деген кәсіби бейімділігін ашуды, одан әрі білім беруді бейіндеу мақсатында оларды тереңдетіп оқыту үшін әр түрлі цикл пәндерін дербес таңдауды қамтамасыз етеді;

 - Мұғалімдердің біліктілігін арттыруда мектепте ашық сабақтар, конференция, семинар, әдістемелік отырыстарын, педагогикалық оқуларын ұйымдастырып жүргізеді;

 - Оқу процесіне талдау жасау, мектепшілік жоспар құру, орындау    жұмыстарын басқарарады;

 - 10-11 сыныптарының жұмысын басқару, бақылау (10 сынып комплект сынып журналы, табель, оқушының жеке іс-құжаты);

 - Өзі басқарған сұрақтар бойынша жиналыс, отырыстар өткізу, шешім қабылдайды;

 - Оқушылардың олимпиада жұмыстарын басқару;

 - Өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды;

 - Жаңартылғанбілім мазмұны - қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау тапсырмаларын жоспарлауды ұйымдастырады,  басқарып бақылайды;

 - Мемлекеттік емтиханға дайындау, оқу жылының аяқтау туралы шараларды ұйымдастыру, 5-8-10 сыныптарда сыныптан-сыныпқа көшу емтихандарын жүргізу және 9 сынып мемлекеттік емтихандар жұмысын ұйымдастыру, басқарып қорытындылайды.

Сагымбаев Рустам Бахытбекович
Сагымбаев Рустам Бахытбекович

Басшының (директордың)  оқу-тәрбие  және бейіндік оқыту  жұмысы жөніндегі директордың  орынбасары 

Рустам Бахытбекович Сагымбаев

Лауазымдық міндеттері:

- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;

 - Білім беру процесінің сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады, педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;

 - Білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді;

 - Қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді;

 - Пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім қимасын жүргізеді, мектептегі бақылау қорытындысы бойынша білім сапасын, бөлім бойынша жиынтық бағалауды (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды (ТЖБ) талдайды;

 - Педагогтердің ғылыми конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;

 - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім алушылар мен мектеп педагогтері арасында академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

 - Мектепішілік мұғалімдерге арналған инновациялық жұмыстарды бақылау-басқарады;

  - Педагогтардың кәсіби еңбегін  рейтингтік бағалау өлшеуіштерін    жинақтайды және бақылайды;

 - Жас мамандармен жүргізілген жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;  

 - География, химия-биологиядан 5-11 сыныптар аралығындағы  пәндерінің ӘБ жұмысын басқарып, кабинеттердің дамуын қадағалайды;

 - Өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды;

 - Білім беру процесінің сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асырады, педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;

 - Білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді;

 - Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату жұмысын ұйымдастырады;

 - Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтап қабылдайды;

 - Белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, бастауыш мектеп педагогтерінің сабақтарын талдайды;

 - Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыстарын ұйымдастыруды бақылайды (оқыту жағдайында үдерістер);

 - Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Абдрахманова Меруерт Магметолловна
Абдрахманова Меруерт Магметолловна

Ақпараттандыру жөніндегі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымы басшысының (директорының) орынбасары

 

 Меруерт Магметолловна Абдрахманова

Лауазымдық міндеттері:

 - Білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады, «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасы, НОБД, информатизациялауды және осыған байланысты есептер, мектеп сайты мен интерактивті тақта, IT – кабинеті, робототехника, мультимедиялық кабинеттердің дамуын,  мұғалімдердің компьютерге үйренуін қадағалау, бақылау-басқару;

тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;

- оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;

 - ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;

 - ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;

 - білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді;

 - оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру,

 - Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

 - санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

 - белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

 - білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 - Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

 - Оқушылардың жеке іс-қағаздарын, ОШ-1 статистикалық есеп жылжуы   бойынша есеп беру;

 - Мектептің жұмыстық оқу жоспарын құру, басқару, бақылау;

 - «Алтын белгі» белгісіне және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына және «Үздікке аяқтайтын түлектер» мен жалпы орта білім туралы «Үздік аттестатқа» үміткерлердің жұмыстарын бақылайды;

 - 1-11 сыныптар аралығындағы  математика-физика, информатика, пәндерінің ӘБ жұмысын басқару, кабинеттердің дамуын қадағалайды;

 - Бастауыш мектептің оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтау режимін қамтамасыз етеді;

 - TIMSS зерттеулерін ұйымдастыруды бақылайды;

 - PIRLS - бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын ұйымдастыруды бақылайды;

 - Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді;

 - Тоқсан сайын оқушылардың келіп - кету есебі, соныменқатар мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;

 - Қатаң есептегі құжаттар (мақтау қағазы, мақтау грамотасы), сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;

 - Қатаң есептегі құжаттар (жалпы орта білім туралы аттестат, негізгі білім туралы куәлік), сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;

 - Қатаң есептегі құжаттар (мақтау қағазы, мақтау грамотасы), сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;

 - Қатаң есептегі құжаттар (жалпы орта білім туралы аттестат, негізгі білім туралы куәлік), сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;

 - «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына жауапты болуды бақылау;

 - Болашақ 1 сыныптарға сәуір-тамыз аралығында мектеппен танысу, бейімділік  сабақтар ұйымдастыруды бақылайды;

 - 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау, ашық есік күндерін ұйымдастыруды бақылайды;

 - 5-7 сыныптар аралығының оқу-тәрбие үдерісін бақылау;

 - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығынабайланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына жауапты болуды бақылау.

Баильдинова Динара Сарсенбаевна
Баильдинова Динара Сарсенбаевна

Білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Динара Сарсенбаевна Баильдинова

Лауазымдық міндеттері:

 - тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

 - тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

 - әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

 - тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

 - педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

 - тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

 - білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

 - мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

 - кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

 - киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

- есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

 - Бастауыш мектептің оқу процесінде қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтау режимін қамтамасыз етеді;

 - ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;

 - мектеп инспекторы, психолог, әлеуметтік ұстазбен бірлесіп жұмыс атқару, 

 - "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады;

 - білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

 - еңбек отрядтарының жұмысын ұйымдастырады;

 - Жолда жүру ережелері, өрттен қорғау жұмысын басқарады, бақылайды;

 - Азаматтық қорғаныс жұмысын басқарады;

 - білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

 - білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 - Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды;

 - Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды;

 - Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді;

 - Әлеуметтік педагогтің жұмысын қадағалайды;

 - Мектептегі ауқымды тазалық күндерін ұйымдастыру, өткізу (мектеп алаңы);

 - Мектеп инспекторы, психолог, әлеуметтік педагогпен бірлесіп жұмыс атқару, сынып жетекшілермен біріккен жұмыс ұйымдастыру;

 - Өзі басқарған сұрақтар бойынша жиналыс, отырыстар өткізу, шешім қабылдау;

 - Ата-аналармен жұмыс және қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;

 - Тәртіп бұзушылардың профилактикалық алдын алу кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және басқару;

 - Жаппай құқықтық оқытуда ұйымдастыру, басқару, бақылау;

 - Ішкі істер бөлімімен байланысты қамтамасыз ету;

 - 1- 2 сыныптар аралығының оқу-тәрбие үдерісін бақылайды;

 - Ұзартылған күн тобы жұмысын басқару, бақылау;

 - Өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды;

 - 9 сынып түлектерінің оқуға түсуі және орналасуы және қалалық білім бөліміне есеп беру;

 -  Ата-анасы туған емес отбасы балаларының жағдайын тұрақты түрде бақылауда ұстау (үнемі осы балаларды әлеуметтік ұстаз, мектеп психологы, сынып жеткшісімен назарында ұстап, бірге жұмыс жасау);

 - Ата-анасы туған емес отбасы балаларының әлеуметтік картасын жасау;

 - Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, басқару, бақылау, қадағалау;

 - Қаңғырушылар, қайыр сұраушылар рейдтерін ұйымдастыру;

 - Оқушылардың күнделікті сыртқы келбеті, мектеп формасына қойлатын талаптарды, сабаққа қатысуы және кешкі уақыттағы рейдтер ұйымдастырып бақылайды;

 - « ҚР-ның  мемлекетік рәміздерін» бақылау-басқарады;

 - Дене шынықтыру,  алғашқы әскери дайындық пәндерін басқару-бақылау және спорт залдың тазалығы мен жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалайды;

 - Сынып жетекшісі қызметін жоспарлауды және бақылауды қадағалайды;

 - Мектеп ауласының көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалайды;

 - Мектеп оқушыларымен ұжымның қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын ұйымдастыру, техникалық қауіпсіздіктің ережелердің өтілуін басқару, бақылайды;

 - Оқушыларды жаппай оқумен қамту сұрақтарын жүзеге асыру.