Павлодар қаласының №47 жалпы орта білім беру мектебінде оқушыларға арналған «Болашаққа бастар бес жоба» мектепішілік бағдарламасы аясында «Жұмадағы кездесу» жобасы бойынша диалог алаңы ұйымдастырылды. Шараға белгілі журналист, «Ертіс медиа» холдингі ЖШС-нің «Aiqara.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Асыл Әлімжанұлы Әбішев қатысты.
Кездесу барысында қонақ жоғары сынып оқушыларымен мамандық таңдау, өмірлік жол, адамгершілік қарым-қатынас тақырыптарында ой бөлісіп, әлеуметтік желілердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ шара барысында өлең оқылып, ән шырқалды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Шара соңында қадірлі қонақ «Мектепке кітап сыйла» акциясына қатысып, мектеп кітапханасына бірнеше кітап тарту етті.
