Бүгін мектебіміздің мұғалімдері Каппаева Б.А. мен Омарова А.Е. «Ертіс» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, «Болашаққа бастар бес жоба» атты мектепішілік оқушыларға арналған жобалар бағдарламасымен таныстырды. Сұхбат барысында бағдарламаның құрылымдық ерекшеліктері мен артықшылықтары кеңінен сөз болды. Сондай-ақ аталған жобалардың мектеп өмірін жандандыруға тигізіп жатқан оң әсері де атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, мектебімізде «Дүйсенбі Live – маманнан контент», «IQ сейсенбі», «Сәрсенбілік оқулар», «Бейсенбі кинопедагогикасы», «Жұмадағы кездесу» жобалары іске асырылуда.
Жобалардың басты мақсаты – оқушылардың білімдік, тәрбиелік, шығармашылық және әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту арқылы оларды белсенді, ойлы, шығармашыл әрі жауапты тұлға ретінде болашаққа бағыттау.
