Телеарнада!
Мектебіміздің педагог-психологы Идрисова Н.Б. «Ertis TV» телеарнасының «Телеорталық» бағдарламасына қатысып, «Оқушылардың психологиялық мәселелері» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында қазіргі таңда оқушылар арасында жиі кездесетін психологиялық қиындықтар, күйзеліс пен мазасыздықтың себептері, сондай-ақ олардың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
Бұл сұхбат – оқушылардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
