2026 жылдың 31 наурызында 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық VIII «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен өткізілді.
Іс-шараға қаланың жалпы білім беру ұйымдарының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінен, оның ішінде Павлодар қаласынан № 38, 47, М.Әлімбаев атындағы мектебінің оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 3 оқушысы облыстық білім басқармасының дипломдарымен: І дәрежелі дипломмен № 38 мектептің 11-сынып оқушысы Хуаныш Мұнара; ІІІ дәрежелі дипломмен - М. Әлімбаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Абраева Алуа және №47 мектептің 10-сынып оқушысы Рамазан Ағайша марапатталды.
Мұнара - республикалық олимпадаға жолдама алды.
