Телеарнада!
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай, бүгін мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Шахманова Акбота Жазкеновна және 11-сынып оқушысы Жүсіп Айша облыстық «Ertis» телеарнасындағы «Сәлем, ӘЛЕМ!» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, балалар әдебиеті тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында кітапхана жұмысы, балаларға арналған әдебиеттер және оқуға деген қызығушылықты арттыру жолдары туралы әңгіме өрбіді.
Сұхбат соңында Айша қазақ ақындарының шығармаларынан өлең оқып, өзінің сүйікті кітабы жайлы ой бөлісті.
