Телеарнада!
5 қазан – Ұстаздар күніне орай мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, оқулық авторы, педагог-шебер Жомартова Камал Сатыбалдиновна облыстық «Ertis» телеарнасының «Сәлем, ӘЛЕМ!» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
Эфир барысында Камал Сатыбалдиновна ұстаздық мамандықтың маңызы, заманауи білім берудегі педагогтің рөлі, бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері және көпжылдық педагогикалық тәжірибесі туралы ой бөлісті.
Саналы ғұмырын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнап келе жатқан ұстазымыздың еңбегі – әріптестеріне үлгі, шәкірттеріне өнеге.
