Көркем еңбек сабақтарындағы жұмыстар
8 және 9 сыныптардың оқушылары көркем еңбек сабақтарында тоқыма материалдарынан жасалған бұйымдардың эскиздерін салды. Олар жұмыс барысында ерекше стильге сүйене отырып, модель бейнесін жасады. Осылайша модельер мамандығы бойынша өздерінің мүмкіндік-қабілеттерін сынап көрді. Жалпы, модельер - сән дизайнерлері (стилист) - киім, шаш үлгісі арқылы адам стилін жасау саласындағы мамандар.