Кітапханадағы іс- шаралар
Мектеп кітапханасында бірінші сынып оқушыларының кітапханамен және кітаптармен танысу сабақтары жалғасуда. Балалар «кітапхана», «кітап қоры», «оқу залы» сияқты ұғымдармен, сондай-ақ кітапханадағы тәртіп ережелерімен танысады. Мұндай сабақтардың міндеті - балаларды мектеп кітапханасына үнемі қатысуға тарту; кітаптарды өз бетінше оқуға деген ынтасын ояту; зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту.