Телефон доверия
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Адрес: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Аутизм күні
04-04-2021 10:37
Аутизм күні

2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Жыл сайын дәл осы күні өткізілетін әрбір іс-шара қоғамның назарын аутизмі бар адамдарға көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесіне аударуға бағытталады.
Бұл күні ИҚК мамандары жалпы білім беретін, арнайы және түзету мекемелерінің педагогтары мен мамандары үшін семинар ұйымдастырып, «Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру» тақырыбы бойынша эксперименттік алаң жұмысының практикалық тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында қатысушылар инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыру жағдайларын және жалпы білім беретін мектепте инклюзивті кеңістікті құрудың негізгі принциптерін талқылады.
Семинарға қатысушылардың материалдарында жалпы білім беретін мектепте ЕББҚ бар балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың эксперименттік моделінің компоненттері туралы мәселелер қозғалады, оқу-тәрбие процесінің мәселелері , сондай-ақ мінез-құлықтың қолданбалы талдауының практикалық қолданылуы жан-жақты көрсетіледі. Семинарға қатысушылар материалдар мен практикалық тәжірибе әр мұғалімнің, маманның инклюзивті білім беру мәселелері бойынша кәсіби қызығушылығы мен сындарлы көзқарасын тудырады деп үміттенеді.