Айлық шеңберінде бүгін тарих мұғалімі М.И.Фохт «Адам және қоғам» пәнінен 10 сыныпта «Отбасы әлеуметтік топ ретінде» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Л.Н.Толстойдың «Бақытты адам-өз отбасында бақытты болған адам» деген сөздері сабақтың эпиграфы болды.Оқушылар өздері сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтай білді. Оқушыларға түрлі деңгейлі тапсырмалар: «неке» сөзіне ассоциация жасау, «Некеге тұрудың шарттар» сызбасын құрастыру, «Заңгерден кеңес алу» ойыны, өмірдегі түрлі жағдайларды шешу, «Дәстүрлі және қазіргі отбасы» салыстырмалы кестесін толыту сияқты тапсырмалар берілді. Сабақта оқушылар қабілетсіздік, неке, отбасы сияқты терминдерді қайталады.