email: sosh6@goo.edu.kz
Адрес: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158
Директор: 620158
Бухгалтерия:557633
басқа телефон 620159
2016 жылдың 22 наурызында №6 ЖОМ "Қош келдің, Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Осы іс-шараға 1-11-сынып оқушылары белсенді қатысты. Іс-шараның мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Сынып оқушылары қабырға газеттерін жасап мектеп фойесін безендірді. Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. Мектептегі іс-шара өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.