Қазақ тілінде оқитын болашақ бірінші сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
2019 жылы 17 мамырда "Павлодар қаласының № 6 ЖОМ" ММ-де қазақ тілінде оқитын болашақ бірінші сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті. Мектеп бойынша экскурсия жүргізіліп, 2018-2019 оқу жылындағы оқушылардың, мұғалімдердің жетістіктері мен нәтижелері туралы слайд көрсетілді. 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Болашақ бірінші сынып оқушыларының өздері қатысқан ойындар өткізілді. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұзартылған күн тобы жұмыс істейтіні туралы айтап өтті. Ата-аналарға буклеттер мен жадынамалар таратылды.