"Салауатты өмір салты"
Салауатты өмір салтын насихаттау үрдісінде жүргізілетін іс шараларды 2020 жылы өткізу мақсатында Ұлттық бағдарлама және кешенді жоспарды іске асыру үшін, салауатты өмір салты орталығы мен денсаулық сақтау басқармасы бірігіп, Павлодар обылысында «Денсаулық фестивлі-2020» атты ауқымды акция ұйымдастырды. Соған байланысты біздің мектептің дене шынықтыру мұғалімдері қашықтықтан өткізу форматында, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, онлайн жаттығулар өткізді (әлеуметтік қашықтық 1,5-2 метр, бетперделік режим сақталды).