Қатысқан топтар құрама командалар болды (5,6,7,8-сыныптар аралас). Іс-шара 6 кезеңнен тұрды. Құрама командалар өздерін шумақтап таныстырып, жасаған эмблемаларын қорғады. Үй тапсырмасы ретінде балалар Наурызды жаңаша нұсқада көрсетті. Олар наурыз көженің жаңаша жасалуын, қыздардың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрлерді таныстырды. «Әнді сүйсең, меңше сүй» дегендей, балалар «Бұл қай ән?» атты кезеңде қазақтың әуендерін тыңдап, әннің атауы мен әншіні шапшаң айтты. «Мақал-мәтелдерді табу» кезеңінде балаларға мақалдың басы берілді де, топ жалғасын тапты. Оқушылардың қолөнері «Құрақ көрпені тігу» кезеңінде байқалды.
Барлық командалар жақсы дайындалды. Сайысқа 4 команда қатысты. Олардың «Наурыз респект», «Шаңырақ» командалары – І орынға, «Каинфаду» командасы - ІІ орынға, «Қыдырлар» командасы - ІІІ орынға иеленді. Барлық оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
ӘБ жетекшісі.