Біздің оқушыларға осы нақыл сөз әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған.Апта бойы оқушылар мұғалімдермен бірге Тілдер апталығы аясында( қазақ,неміс,ағылшын) түрлі шараларға қатысып өткізді. Егер бұрын 5-сынып оқушылары үшін полиязычие деген сөз түсініксіз болса,енді әңгіме-сабақтан, сайыстардан кейін барлығы да бұл сөздің мағынасын біледі.
Апталық 8 «а»сыныбы үгітбригадасының «Мен тілдерді қалай үйренемін»қойылымымен ашылды.Мұнда балалар бастауыш мектеп оқушыларымен тілдерді қалай үйренетіндіктерімен бөлісті.2-4-сынып оқушылары үшін 5-сынып балалары қызықты «HappvEnqlish»бағдарламасын ұсынды.Балалар сайыстарға қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде барлығы «тәтті» жүлделерге ие болды.
‘‘Ilove English’’сайысына қатысуға дайындаған суреттер мен плакаттарға бар қиялдары мен өнерлерін салған.Мереке 8-11-сыныптар арасында «Полиглоттар сайысы» брейнрингімен аяқталды.
Рахмет! Спасибо! ThankYou!