Тілдер айлығынан.
Тілдер айлығы ауызша журналдан басталды. Жауаптылар: Г.Қ.Жакиянова, Н.Н.Шойынбаева. «Мақал-мәтелдер – халық даналығы» атты қабырға газетінің сайысы өтті. Жауапты: С.Ө.Шапиева, Г.М.Нұрғалиева. 8-ші сынып оқушылары «Тәрбие отбасынан басталады» атты шығарма жазды. Ең үздік шығарма мектепішілік «Шашу» газетінде басылады. Сонымен қатар осы сыныптарда «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Жеңімпаздар шағын сыйлықтармен марапатталды. Қазақ сыныптар арасында тілге байланысты өлеңдер шығарылды, қабырға газетіне ілінді. «Ана тілім – айбыным» атты өлеңдер мектепішілік газетте жазылады.